Қазақстанда 4 мыңнан астам науқас донор күтуде

фото: pixabay

ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Назгүл Жангелдина ОКҚ алаңында еліміздегі ағзалық донорлық жайлы айтып берді. Бірінші ағза трансплантациясы 1979 жылы жасалған. 1991 жылы балаға транспланттау жүзеге асырылды. Ал 2012 жылы қайтыс болғаннан кейінгі донордан алғашқы жүрек трансплантациясы жасалды.
 

«Бүгінде Қазақстанда күту парағында 4 384 пациент, оның ішінде 121 бала бар. Соңғы бес жылда (2020 жылдан осы уақытқа шейін) елімізде 1209 трансплантация болды», - деді спикер дөңгелек үстел барысында.


Оның айтуынша, 18 жастан асқан, аурудың түрлі асқынуларына байланысты ми өлімі анықталған азаматтар қайтыс болғаннан кейін донор бола алады.