Елімізде жылу беру маусымына дайындық ақсап тұр

Еліміздің бірқатар өңірінде жылу беру маусымына дайындық ақсап тұр. Қазіргі таңда 4 энергоблок, 32 қазандық пен 19 турбина жөнделу үстінде. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңес отырысында мәлімдеді.

Кеңес төрағасы Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, елдегі жылу электр орталықтарының 76 проценті 50 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Ал Арқалық, Орал, Аягөз және Сәтбаев қалалары ең проблемалы өңірлер ретінде аталды.

БЕРІК БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жылу көздері мен жылыту желілерін жөндеуге үкімет резервінен шамамен 48 млрд теңге бөлінгені айтылды. Бірақ,  Республиканың кемінде 6 облысында жылу желілерінің тозу деңгейі 52% құрайды. Яғни бұл өте қауіпті көрсеткіш. Ал Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында тозу деңгейі 60%-дан асқан. Бұл жылу желілердің істен шығуына алып келіп, төтенше жағдайлар тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, көмір бағасының өсуі де халықты алаңдатуда. Биылғы маусымға 7 жарым млн тонна көмір қажет. Ал энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов өз сөзінде жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатқанын айтты. Дегенмен, жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған.

СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бізде екі-үш өңірінде осындай мәселе бар. Өкінішке орай, кейбір жерде мердігерлердің шамасы жетпеген кездер болды. Сіз айтқан, технологиялық бұзушылықтар жылыту маусымын қосқан кезде, әр өңірде болатын жағдай.  Жалпы қазақ айының ортасына дейін, бұл қаражатты өңірге беруге тиісті тапсырма бар. Біз оны бақылауға аламыз.