Елордада Қазақстанның мәдениет қайраткері Меруерт Башайқызының шығармашылық кеші өтті. Ұлттық өнерді ұмытпай, дәстүрлі әнді дәріптеп жүрген әнші 35 жылдық есеп беру концертінде халық әндерін жанды дауыста орындады. Өнер жолын Моңғолияның Баян-Өлген аймағында бастаған қандасымыз бүгінде еліміздің 10-ға жуық қаласында жеке шығармашылық кешін өткізген. "Ұлттық дәстүрімізді кеңінен насихаттап, халыққа жанды дауыспен концерттер беру – мақсатым. Халық әндерін бұзбай, болашаққа, келер ұрпаққа жеткізсем" дейді әнші.
МЕРУЕРТ БАШАЙҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:
90-шы жылы қыркүйек айында алғаш осы еңбек жолымды Моңғолияның, Баян-Өлгей аймағында қазақ музыкалық драма театрында бастаған едім.Бұл да елдіктің, емегендіктің, осы шетелдегі қазаққа деген мемлекет басшысының саясатының қолдауы деп түсінемін.Үлкен рахмет.Оның үстіне мынау ұлттық құндылықты, дәстүрлі өнерді насихаттауға байланысты ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалар аясында өтіп жатыр.