Мемлекет басшысы Душанбе қаласына сапармен барды

Мемлекет басшысы Душанбе қаласына сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода күтіп алды. Президент алдымен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Олар Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту жөнінде сөз қозғады. Әрі қарай қос басшы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Қабылдаулар сарайына ат басын тіреді.