Мемлекет басшысы Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желісінде жазған. Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті.