"Әр адамның шотында шамамен 126 300 теңге бар", - Ұлттық банк

Жапонияны тағы да басып оздық. Бұл жолы интернет жылдамдығы бойынша емес. Бәсекеге қабілетті елдердің рейтингісінде Қазақстан 34-ші орынға табан тіреді. Ал күн шығыс елі бір саты төмен тұр. Португалия, Кувейт сынды мемлекеттер де бізден жайғасқан.  Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында.

Қайырлы кеш! Эфирде "Экономика". Студияда мен Сүндет Оралбек.

Енді өзге елден ақша алатындарға бақылау күшейеді. Тіпті «қара тізімге» енеді. Бірақ бұл шетелдегі досыңыз немесе бауырыңыз аударған қаржыға қатысы жоқ. Алайда бір шарт бар. Жібеуші Қазақстан азаматы болуы тиіс. Бұл шара мәліметтерді жүйелеуге, қаржылық ағындардың ашықтығына, көлеңкелі экономика тәуекелдерін азайтуға түрткі болады. Өзгеріс келер жылы қолданысқа енуі мүмкін. Айта кетейік, тамыз айында шетелден Қазақстанға 20,8 млрд теңге аударылған. Оның 5 млрдқа жуығы Ресейден, 3,2 млрды АҚШ-тан, 2,7-сі Өзбекстаннан түскен.

Қазақстан әлемдегі басекеге қабілетті елдердің рейтингісінде 34-орынға көтерілді. Осылайша Жапонияны, Кувейтті, Португалияны басып озды. Швейцариядағы Халықаралық басқаруды дамыту институты әзірлеген статистикада Швейцария көш бастады. Одан кейін Сингапур, Гонконг үздік үштікке енді. Дания,Біріккен Араб  Әмірлігі, Тайвань секілді елдер де алдыңғы қатардан көрінді. Рейтинг экономикалық қызмет, Үкімет пен бизнес тиімділігі және инфрақұрылым бағыттары бойынша бағалау арқылы жасалды. Еліміз кәсіп пен инфрақұрылым бойынша айтарлықтай өсім көрсетті.

Қазір қолма-қол ақшаны көбіміз қолданбаймыз. Онлайн-банкинг жүйесі өмірімізді бір сыпыра жеңілдетті. Бүгінде 27 миллион адам мобильді қосымша арқылы қаржысын басқарып отыр. Олардың шоттарында 3,41 трлн теңге бар. Егер орташа есептесек, әр адамда шамамен 126 300 теңге сақтаулы. Тамызда бұл көрсеткіш129 мың теңге болған. Сарапшылар бұл тек статистикалық көрініс екенін ескертеді. Себебі, халықтың ақшалай жинағы тең бөлінбейді. Біреудің шотында миллиондар жатса, енді бірінің тек күнделікті ішіп-жемге жетерлік қаржысы бар.

Валюта бағамына тоқаталайық. Қор нарығында доллар 541 теңгеден саудалануда. Еуро 627, Ресей рублі 6,64 теңгеден саудалануда.

Мендегі ақпарат осы. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!