Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме жылдық 18% деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Astana TV.
Реттеуші органның мәліметінше, мұндай шешім инфляция қарқынының күшеюі, ішкі сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді фискалдық саясат аясындағы ақша-кредит жағдайының жұмсаруы салдарынан қабылданған.