Эйнштейннің скрипкасы $1,5 миллионға сатылды

Фото: pixabay.com

Ұлыбританияда өткен аукционда әйгілі ғалым Альберт Эйнштейнге тиесілі скрипка 1,5 миллион АҚШ долларына сатылды, деп хабарлайды Astana TV.

Аспапты алған адамның есімі құпия. Бұл - ғалымның 1890 жылдары Германияда сатып алған алғашқы аспабы. Өнертапқыш аспапты дос-жарандарымен отырғанда немесе жұмыс арасында жиі қолға алған дейді. Өзі АҚШ-қа қоныс аудармай тұрғанда скрипканы әріптесі Макс фон Лауға сыйға тартқан екен.

Ол кейін Эйнштейн жанкүйерлерінің біріне табыстаған. Сөйткен аспап 70 жылдан астам уақыт сақталып, бүгінгі күнге жетті. Бағасы да өскен.