СІМ мәліметінше, жаңа талаптар қыркүйек-қазан айларынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Astana TV.
Латвия – сапар алдында кемі 48 сағат бұрын eta.gov.lv сайтында өтінім толтыру қажет. Жалған ақпарат үшін 2 мың еуро айыппұл салынады.
Мысыр – 1 қазаннан бастап 21 жасқа толмағандар елге тек ересекпен кіре алады. 21 жастан асқандар 15 күнге дейін Шарм әл-Шейх әуежайында виза рәсімдей алады. Басқа қалаларға бару үшін виза елшіліктен беріледі.
Мексика – АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония немесе Шенген визасы бар қазақстандықтар елге визасыз кіре алады.
Ресей – шетелдіктердің биометриялық деректерін жинау бойынша сынақ жүргізілуде.