Алматы-Бангкок тікелей рейсі ашылады

Фото: pixabay.com

Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы Thai AirAsia X әуе компаниясымен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде Алматы-Бангкок бағытында тікелей әуе рейсі ашылатын болды, деп хабарлайды Astana TV.

Жаңа бағытты Thai AirAsia X 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап орындауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus A330 ұшағымен қатынайды.

«Біз Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты нығайтып келеміз. Малайзиямен серіктестік нәтижесінде туристер саны 5 есеге артты. Енді Thai AirAsia X компаниясының алғашқы бағыты ретінде Қазақстанды таңдауынан елімізге қызығушылықтың арта түскенін байқаймыз», – деді «Kazakh Tourism» ҰК басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.