Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысаны салынады. Оған арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер қаражаты есебінен қаржыландырылып отыр. 2 мыңға жуық тұрғыны бар Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдары сапалы сумен қамтамасыз етіледі. Жұмысқа топтық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу да, ауылішілік желілерді салу да кіреді. Құрылыс жұмыстарын аяқтау осы жылдың соңына дейін жоспарланған.