Доллар бағасы 539 теңгеге дейін түсті

Фото: pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы 10 қазан күнгі сауда қорытындысы бойынша доллардың бағамы 539,06 теңге болды, деп хабарлайды Astana TV.

Бір тәулік ішінде ол 2,45 теңгеге арзандады.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде орташа валюта бағамдары төмендегідей белгіленген:

доллар: сатып алу – 539,5–540 теңге, сату – 541–542,5 теңге;

еуро: сатып алу – 622–623 теңге, сату – 626–627 теңге;

рубль: сатып алу – 6,54–6,57 теңге, сату – 6,65–6,67 теңге.

ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 64,6 долларды құрады.