Оралда балалардың инклюзиялық спорт фестивалі өткізілді

Оралда балалардың инклюзиялық спорт фестивалі өтті. Жарысқа облыс аудандарынан келген 80-ге тарта сайыскер қатысты. Фестиваль "AMANAT" партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды. Мақсат - ерекше білім алуға мұқтаж балаларды дені сау замандастарымен тең дәрежеде араласуға бейімдеу. Бірнеше топқа бөлінген ұландар алдымен боччадан бәсекеге түсті. Қашықтыққа жүгірген жүйріктердің тартысы да қызықты өтті. «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалі биыл екінші рет өткізіліп отыр. Ал бүгінгі сайыста бағы жанғандар республикалық спорт фестиваліне жолдама алады. 

АФИЗА СЕМҒАЛИЕВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер де бір командада үш бала болса, соның екеуі он екі мүшесі сау болса, біреуі осындай өмірдің сынағына тап болған балалар. Негізгі идея - осыны қоғамға дәріптеу. Яғни, өзара тең құрметпен, тең мүмкіндікпен баланың өмір сүруіне жағдай жасауға бір үндеу тастағымыз келіп отыр.