Егемендік туралы Декларация тәуелсіздікке жол ашты - тарихшы

Егемендік туралы Декларация еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашты. Осыдан 35 жыл бұрын қабылданған бұл құжаттың тарихи және саяси маңызы зор.

Өйткені мұнда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі мен саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы және оған қарсы қаскөйлік әрекеттің жазасыз қалмайтыны ескертілді. Сонымен қатар, Декларация шекараны белгілеп, дербес экономикалық саясатты жүргізуге, қарулы күштерімізді құрып, мемлекеттік басқару органдарын жасақтау секілді маңызды істерге түрткі болды.

ЕСҚАЙРАТ ХАЙДАРОВ, ТАРИХШЫ:

Бұл декларациядағы ең маңызды мәселе - сол кезде Қазақ Республикасы мынау Кеңес Одағының құрамынан еркін түрде шыға алады деген бап болды. Міне, сол баптың негізінде біз бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жарияладық. Егемендік туралы декларация тәуелсіздіктің бастауы деп айтуымызға болады.