"Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне баса мән береді",-О.Бектенов

Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне баса мән береді. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысында айтты. Ол цифрлық трансформация және су саласында жасанды интеллектіні қолдану мәселесіне басымдық берді. Өйткені осы арқылы су шығынын азайтуға болады. Бұдан бөлек,  Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алудың, мониторинг жүргізудің, басқарудың және бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығы да атап өтілді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Әр елдің өз ұлттық мүддесі бар, біз оны қашан да қорғауға міндеттіміз. Бірақ біздің ортақ стратегиялық, ұзақмерзімді басым мақсатымыз тату көршілік қарым-қатынас екені сөзсіз. Күнделікті, қысқамерзімді міндеттерді шешуде біз ұзақмерзімді басымдықтарға нұқсан келтірмеуіміз керек. Мәселелерді әрқашан өзара тиімді әрі қолайлы негізде шешу үшін бірлескен шаралар қабылдайтынымызға сенімдімін.