Мәжіліс депутаттары Астанада 140 түп ағаш екті

Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты. Олар Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры жанындағы аллеяда 140 түп ағаш екті.

– Бүгін біз депутаттармен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында елордада ағаш көшеттерін отырғыздық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасы қарапайым сенбілік шеңберінен шығып, елді тазалық сақтап, табиғатты құрметтеу идеясының төңірегіне біріктіретін жалпыхалықтық қозғалысқа ұласты. Науқан экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайтып, қоршаған ортаны сақтауға атсалысатын игі дәстүрге айналып келеді, – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

 

 

t.me/mazhilis_kz