Жетісу облысында полицей ес-түссіз жатқан азаматтың өмірін сақтап қалды

Жетісу облысында полицей ес-түссіз жатқан азаматтың өмірін сақтап қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Текелі қаласында болған оқиға нағыз қызметтік адалдық пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Үйіне оралған бала пәтерінің есігін аша алмай қалған. Сасқалақтамай, ол көршілерінен көмек сұраған. Бірге үйдің есігіне көтерілген сәтте іштен өткір иіс — көміртек газының иісі сезілген. Жағдайдың қауіпті екенін түсінген олар бірден “102” арнасына хабарласқан.

Шақырту орнына жедел түрде Текелі қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметтік аға инспекторы Бауыржан Нұрмұхамбетов жеткен. Жағдайды бағамдай отырып, офицер батыл шешім қабылдады — көрші пәтердің балконы арқылы ішке кіріп, ес-түссіз жатқан 45 жастағы ер адамды сыртқа алып шықты.
 

Полиция қызметкерінің, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем бригадасының үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шеккен азаматқа дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы тұрақты. Бауыржан Нұрмұхамбетовтың бұл ерлігі — нағыз батылдықтың, кәсіби шеберліктің және борышына адалдықтың жарқын үлгісі. Оның жүйелі іс-әрекетінің арқасында бір адамның өмірі аман қалды.