ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің құрамасы LLF-2025 күзгі чемпионатының Liga A кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, екінші орын иеленді.
"Гвардеец" атауымен өнер көрсеткен ұландық әскери қызметшілер бүкіл турнир барысында жоғары ұйымшылдық, тәртіп пен спорттық бірлік танытып, құқықтық тәртіп әскерін абыроймен таныстырды.
Тартысты матчтардың қорытындысы бойынша "Гвардеец" командасы футбол турнир кестесінің жоғарғы сатысына сенімді орнығып, Суперлигаға жолдама жеңіп жеңіп алды. Енді олар LLF лигасының ең мықты ұжымдарымен кездеспек.
Бұл нәтиже Ұлттық ұланда Отан қорғаушылар ғана емес, сонымен қатар әр түрлі салада жетістікке жете алатын талантты спортшылар да қызмет ететіндігінің тағы бір дәлелі болды.