«Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы қаза тапты

Бұл жайында клуб Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Astana TV.

«QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Аронмен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген жазбада.