Облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары құнды жәдігер Бор дәуіріне жататын динозавр сүйегі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Astana TV.
Экспедиция Шах-Шах шатқалы маңында жүргізілді. Алдағы уақытта палеонтологиялық бұйымдар арнайы мамандар тарапынан зерттелмек.
Айта кетейік, 1968 жылы бұл жерден динозавр бас сүйегі ғана табылған. Ол ғылыми айналымға «Аралозавр» деген атаумен енген.