Бүгін Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен ойнайды

Фото: ҚФФ

Кездесу 13 қазанда Қазақстан уақтымен сағат 23:45-те басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл ойында бас төреші міндетін испаниялық Хуан Мартинес атқарса, оған отандастары Диего Барберо мен Иван Массо көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Алехандро Муньис Руис. 

Аталған кездесуге ел құрамасынан сары қағаздың көптігіне байланысты шабуылшы Максим Самородовтың қатыса алмайтыны белгілі болды. Сондай-ақ жарақат салдарынан жартылай қорғаушы Рамазан Оразов ойыннан тыс қалуы мүмкін.

Қазақстан құрамасы

Қақпашылар: Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Кажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі — «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі — «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Сағи Совет («Жеңіс»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Дінмұхаммед Кашкен («Жетісу»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі — «Жеңіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі – «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі — «Елімай»).

Солтүстік Македония құрамасы

Қақпашылар: Столе Димитриевски («Валенсия, Испания), Деян Илиев (УТА, Румыния), Игор Алексовским («Фламуртари», Албания), Дамьян Шишковски («Борац», Босния және Герцеговина);

Қорғаушылар: Эзджан Алиоски («Лугано», Швейцария), Андрей Стойчевски («Словацко», Чехия), Боян Илиевски («Струга»), Дарко Велковски («Зриньски», Босния және Герцеговина), Дьёко Зайков («Аджман», БАӘ), Никола Серафимов («Левски», Болгария), Висар Муслиу («Синт-Трёйден», Бельгия), Стефан Ашковски («Раднички» Ниш, Сербия), Стефан Деспотовски (ОФК, Сербия);

Жартылай қорғаушылар: Энис Барди («Коньяспор», Түркия), Тихомир Костадинов («Сигма», Чехия), Элиф Элмас («Наполи», Италия), Решат Рамадани («Шкендия»), Яни Атанасов («Лариса», Грекия), Исник Алими («Инбо», Қытай), Лука Станковски («Раднички 1923», Сербия);

Шабуылшылар: Александар Трайковски (клубсыз), Дарко Чурлинов («Коджаэлиспор», Түркия), Боян Миовски («Рейнджерс», Шотландия), Милан Ристовски («Богемианс 1905», Чехия), Эльмин Растодер («Тун», Швейцария), Давид Бабунски («Вардар»).

Отандастарымыз қазірге дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0, 4:0) басым түсті.

Ал Солтүстік Македония екі мәрте Лихтенштейнді (3:0, 5:0) жеңсе, Бельгиямен екі рет (1:1, 0:0), Уэльспен (1:1) тең ойнады.

Қарсыластар қазірге дейін екі мәрте кездесті. Екеуінде де македониялық футболшылар жеңіске жетті.