«Қайрат» VS «Реал»: алыпсатарларға қатысты екі қылмыстық іс тіркелген

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматыда өткен «Реал Мадрид»  - «Қайрат» ойыны кезінде алыпсатарлықпен айналысқандар жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Astana TV Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«Біз алыпсатарлармен және алаяқтармен жүйелі түрде күрес жүргіземіз. Кейде кінәлілер жазадан құтылып кетуі мүмкін, бірақ біздің принцип айқын: қылмыс жасалды ма, оның түбіне дейін жетеміз», - деді Сәденов.

ІІМ басшысы Алматыда футбол кезінде болған алыпсатарлыққа қатысты екі қылмыс тіркелгенін айтты.

«Алматыда екі арыз түсті. Сол бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл жағдайлар қоғамда резонанс тудырды, біз мәселені бақылауда ұстап отырмыз», - деді ол.