Бүгінде Мәжіліс депутаттары 77 заң жобасын қарап жатыр. Бұдан бөлек, 15 заңды мақұлдап, Сенатқа жолдады. Мемлекет басшысына төменгі палатаның атқарып жатқан ауқымды жұмыстары туралы баяндаған Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Жыл соңына дейін Құрылыс, Цифрлық кодекстер мен «Банк қызметі туралы» Заң қабылданбақ. Сонымен қатар, Сайлау жүйесі, тұтынушылардың құқығын қорғау секілді заң жобалары да қарастырылып жатыр. Мәжіліс спикері депутаттар Президент пәрменін орындауға ерекше мән беретінін, Заң шығару жұмысы ашық жүргізіліп жатқанын айтты.