“AMANAT” партиясының депутаттары қаржы алаяқтары үшін банктерді қатаң жауапқа тартуды сұрайды. Өйткені алданғандардың қатары күн сайын көбеюде. Ал барлық заң бұзушылық фактілері мен ақша шығару, несие рәсімдеу операциялары осы банктер арқылы жүргізіліп жатыр. Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов алаяқтардан зардап шеккен қарағандылықтарды қабылдады. Полицияға шағымданғандардың өзі -300. Дөңгелек үстелге 25 адам келді. Алды 21 дегі студент, арты 85 жастағы қария. Қаскөйлер әрқайсына 2 ден 10 млн теңгеге дейін несие алдырып сан соқтырып кеткен. Бір қызығы барлығының табысы төмен өз борыштары, тіпті ипотекалары да бар. Соған қарамастан банктер бір күнде 10 шақты несиеге рұқсат берген.
ҚАРЛЫҒАШ АСҚАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Банктердің бәрін жауапқа тарту керек. Бір адамда 10 млн. Өзімнің да кредитім бар. Жолдасымда 10 млн оның еще ипотекасы бар. Оның бәрін санағанда 17 млн. Біз білмейміз қалай өмір сүреміз? Қалай қайтарамыз?
ҚҰДАЙБЕРГЕН БЕКСҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Парламент қабырғасында, “Amanat” фракциясының отырысында осы мәселені көтереміз. Өйткені қаншама халық сорлап жүр. Білмейді да атына кім, қашан, қалай несие алған, оны қашан қайтарады. Түсініксіз. Сондықтар әрине бүгін халықтың осы көтерген сұрақтарын біз талқылайтын боламыз. Мен ойлаймын бүгінгі күні біздің банктардың жұмысын қатаң тексеру, бақылау керек.