Зорлық-зомбылық пен «алып қашуға» үндейтін әндер тексеріледі

Фото: pixabay.com

Ән мәтінінде зорлық-зомбылыққа немесе «алып қашу» сынды заңсыз әрекеттерге шақыратын сөздер бар туындылардың авторлары тексеріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

«Егер әннің мәтінінде зорлық-зомбылыққа шақыру сияқты ой болса, біз оны қараймыз. Әзірге мен ондай ән естіген жоқпын. Біз мониторинг жасап, реакция білдіруіміз керек. Жалпы, мониторинг жүргізіп отырамыз. Егер әннің мәтінінде «алып қашамын, зорлаймын» деген сөздер болса, оны тексеру керек», – деді Сәденов.