Атырау қаласында Алтай көшесіндегі қонақүй кешендерінің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына келген құтқарушылар төрт қабатты қонақүйдің саунасының бірінші қабатындағы бу бөлмесінің өртенгенін анықтады.
Өрт кезінде құтқарушылар 13 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ 2 адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ күшімен өрт толықтай сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.