Қызылордада салмағы 6,5 келі алып бала дүниеге келді

Фото: Көпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасы https://kaz.inform.kz/news/kizilordada-salmagi-65-kel-alip-bala-duniege-keld-0e643f/

Көпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасында Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбай салмағы 6 келі 500 грамм болатын нәрестені дүниеге әкелді,-деп хабарлайды Astana TV.

Әйелге акушерлік бөлім меңгерушісі Арман Ержанова мен акушер-гинеколог Фатима Қосназарова жоспарлы операция жасаған.  

- Алып баланың туған кезде жағдайы ауыр болған. Нәрестенің денсаулығын тұрақтандыру үшін жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінде қосымша ем қабылдаған. Қазір нәресте мен анасының денсаулығы тұрақты. Сәби ана сүтімен қоректеніп жатыр. Алып балаға атасы Қуанышбек деп есім беріпті. Жақын күндері ол үйіне шығарылады, - делінген хабарламада.