Талас ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізіп, нәтижесінде бірқатар білім беру ұйымдарында балаларға профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмағаны анықталды, -деп хабарлайды Astana TV.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы ауданның 10 білім беру ұйымында 730 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген, бұл олардың кепілдендірілген медициналық көмекке құқығын шектеу болып табылады.
Прокуратураның қадағалау актісінің негізінде мемлекетке 20 млн теңге қайтарылды, барлық балалар толық медициналық тексеруден өтті және кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.