Биыл жыл басынан бері елімізде 5 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

Биыл  елімізде 5 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды. Жұмыс күші тапшы өңірлер көшкендердің 1800-дейі - қандастар. Қалғандары - өңірлерде қоныс аударушылар. Олардың барлығына  мемлекеттік қолдау көрсетілген.

34 жастағы Наргиз Бекішова   отбасымен биыл маусым айында  Өзбекстаннан Атырау қаласына  қоныс аударды. Ата-анасы мен  бауырларынан соң туған жерге табан тіреген келіншек  құжаттарды жинақтау осынша оңай болады деп ойламадым дейді. Бір реттік көмек пен баспанаға берілетін экономикалық мобилді сертификатты пайдаланып, үй сатып алған.

НАРГИЗ БЕКІШОВА, ҚАНДАС:

Туған еліміз құшағын ашып қарсы алды. Біздерге көмектесті. Ақшалай жағынан да, құжат жағынан да өздері бәрін жасап берді. 5 миллион 600дей үкімет бізге ақша берді.   Мен өзім медицина саласы бойынша жұмыс  жасаймын. Алла бұйырса жұмыссыздыққа тапсырып  қойғам. Келесі айдан бастап жұмыс орнына тіркелемін.  Жұмысқа шақырып жатыр 1-2 жерден.

Биыл Атырауға жыл басынан бері 153 отбасы көшіп келіп, қандас мәртебесін алған.  Көпшілігі Өзбекстан, Ресей, Қытайдан келген.  Мансап орталығына тіркелген 13 қандас жұмыспен қамтылып, қайта даярлыққа жіберілген.

ЕРКЕБҰЛАН ӘБІЛҚАСЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өңірлік квота бөлінді 100 адамға. Қазіргі  уақытта квоталардың шеңберінде  197 отбасына  70 айлық есептік көрсеткіш қаржысы төленді. Және 19 отбасына  тұрғын үйді жалдауға 78 мың теңгеден 98 мың теңгеге  дейін көлемде  қаржылай төлеп берді. Соынмен бірге тұрғын үй көмегі мақсатында мобилдік с ертификаттар берілді. 4 миллион жарым теңге. Оны қазіргі уақытта 5 отбасы алып отыр.

Биыл жылдың соңына дейін елімізде  ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден тапшы өңірлерге 9 653 адамды көшіру жоспарлануда.