«Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысының Арыс қаласында ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2025

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысы  Арыс қаласында тазалық шарасы өтті. Арыстықтар бұл жолы қаланың ішкі аумағынан өтетін Қабылсай табиғи арнасының бойын күл-қоқыстан тазартты. Бұл   көктем және күз айларында еріген қар мен жауын-шашын суларын өткізуге арналған табиғи су арналарының бірі. Сондықтан ондағы санитарлық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау және арна бойын күл-қоқыстан тазарту – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.  Тазалық шарасы қаланың орталығында да өтті. Жиылған көпшілік жаяу жүргіншілер жүретін жол жиктері мен аллеяларға қылқан жапырақтарды ағаш көшеттерін екті.

АҚЫНБАБА ҚОШҚАРОВ, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Таза Қазақстан» акциясы 1 күндік нәрсе емес. Жыл бойы «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, барлық жерді таза ұстасақ өзіміздің денсаулығымызға да, өмірімізге де өте пайдалы.