Қызылжарда электр қондырғыларын шығаратын зауыт өнімнің 80 пайызын шетелге экспорттайды. Бүгінде кәсіпорында 200ден астам маман еңбек етіп жатыр. Өндіріс ошағы бүгінде күрделі трансформатордың ондаған түрін шығарады. Зауыт заманауи өндірістің арқасында ел ішіндегі энергия тапшылығын жоюға және экономиканы еселеуге зор үлес қосып келеді.
ЕРСҰЛТАН ШАМШИЕВ, ЗАУЫТТЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Қазақстанда өздеріңіз білетіндей энергия тапшылығы бар. Сол тапшылықты жою үшін біз үлкен зауыттар соғып, заманауи жабдықтар сатып алып, сапалы өнім шығаруға үлес қосып жатырмыз.