Айдос Сарым: «Сюцай» атауын жамылған топтар уағыз таратып жүр»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жалған ілімдер мен секталар туралы депутаттық сауал жолдады.
 

«Соңғы кездері елімізде «Сюцай» деп аталатын курстар қаулап таралуда. Бұл бағыт өзін «адамның ішкі әлеуетін ашатын сандық психология» деп таныстырғанымен, іс жүзінде ғылыми негізі жоқ, эзотерикалық және діни сипаттағы коммерциялық жобаға айналып отыр. Бүгінде «Сюцай» атауын жамылған топтар жабық форматтағы шаралар өткізіп, өз уағыздарын кеңінен таратып жүр. Олардың басым көпшілігі – лицензиясыз, сертификатсыз, тіркелмеген тұлғалар мен ұйымдар», – деді депутат.