Ауыл шаруашылығы саласында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2025

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамту деңгейі артып келеді. Өңірлік картаға сәйкес, 2025 жылға дейін 615 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда жоспар артығымен орындалып, 843 адам еңбекпен қамтылды. Биыл  10 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі –  сүт-тауар фермасын кеңейту жобасы, соның негізінде тағы 20 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал жыл соңында   қуаттылығы жылына 2000 тонна болатын жүн өңдеу зауыты іске қосылады.   10 адам жұмыспен қамтылады. Ауыл тұрғындарын жұмыс қамтуда “Ауыл аманаты” мемлекеттік бағдарламасының маңызы зор.

ӘУЕЗХАН ҚИЯЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 150 несие беріліп, жеңілдікпен -2,5 пайызбен, 160 жұмыс орны құрылып отыр. Жалпы «Ауыл аманатына биылғы жылы 4 млрд жоспарланған. Бүгінгі таңда 800 млны келіп отыр.