Астанада негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң даму динамикасы байқалады

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2025

Астана жылдан жылға көркейіп, гүлденіп келеді.  Қалада құрылыс саласы, қызмет көрсету, логистика, IT-сектор және "жасыл" технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Астана "ақылды қала" тұжырымдамасын белсенді түрде ілгерілетіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына цифрлық шешімдерді енгізіп жатыр.   Еліміздің бас қаласының даму  көрсеткіштері туралы әріптесім Үсен Астана айтады. 

ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:

Астана-  бұл – жай ғана қала емес, бұл – ұлы мақсаттардың көрінісі. Астана – «Елу жылда – ел жаңа» деген ұстанымның нақты дәлелі, өйткені аз уақытта ол дамуы мен қатар сәулетімен әлемді таңғалдырды. Елорда - елдің жүрегі.  Үкімет, ірі бизнес және инновациялық бастамалар шоғырланған барлық маңызды шешімдер қабылданатын саяси және экономикалық орталық.

Бас қала  қарқынды дамып, жаңару үстінде. Халық саны 1 500 000-нан асады. Жыл басынан бері 15 157 сәби дүниеге келген, бұл елорданың тұрақты өсіп келе жатқан жас қала екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, халықтың отбасы құру белсенділігі де жоғары. Тұрғындар қаланың   дамуына дән риза.

БЛИЦ:

- Астананың дамуы күшті зор дәрежеде дамып жатқан қала екен.Біздің қытайдан көшіп келгенімізге бір ай болды, бұл қаланы өте ұнатып отырмыз әзір.

- Архитектурасы өте әдемі. Астанада менің болмағаныма 4-жыл болыпты, соның өзінде көп нәрсе өзгерген.

- Жастарға жақсы,келіп оқығандарына жүргендеріне

- Жалпы Астана жыл сайын десек өтірік болмас,жалпы өзгеріс көп.

Қала әкімдігі жастарға жайлы жағдай жасап, кәсіп бастаймын деген жандардың үмітіне, қолдау көрсетіп келеді. Тіпті шағын және орта бизнес үлесі ел аумағында көш басында.  

ҚУАНЫШ САПАРОВ. ҚАЛАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шағын және Орта бизнесте 528 мың адам істейді. Бұл – қаланың еңбекке қабілетті халқының 73 пайызы. 2023-і жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12 мың адамға артқан.

Астанада негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң даму динамикасы байқалады. Биыл  негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті.  Өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім беру, көлік, логистика салалары бойынша жемісті жоба көп.

МАДИНА АЖЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мектеп тапшылы балабақша тапшылығы, біз бұл сұрақты маслихатқа барғасында көтеріп, қазір емханалар салынып жатыр, қажетті ең қажетті студенттер үшін жатақханалар салынып жатыр, қаламыз өсіп жатыр, осы сұрақтарды көтеріп, өз қолдауымызды білдіреміз.

Астана – бұл болашақтың, асқақ арманның символы, өзгерістердің ұшқыны. Ол жоғары технологиялар мен футуристік архитектура арқылы біздің әлемдік аренадағы орнымызды айқындайды.