Жетім қызды қорлап, видеоға түсіріп, желіге таратқан

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында бір топ жеткіншек  оқушы қызға зорлық көрсетіп,  оқиғаны видеоға түсіріп, желіге таратқан. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қыркүйек айында болған. 7-ші сынып оқушысын сабақтан тыс уақытта өзімен бір мектепте оқитын қатарластары қинап, анайы әрекеттер жасаған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

ҚР ҚК 124-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдайды толық анықтау үшін барлық қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Мектеп оқушыларына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккен қызға облыстық психологиялық қолдау орталығы көмек көрсетіп жатыр.