Қонақүй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды

Фото: ашық дереккөз

Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, электр қалқандарындағы сымдар тұтанып, жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, 50 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар, 3 иінді саты мен арнайы құтқару маскаларының көмегімен тағы 8 адам, оның ішінде 2 бала, қауіпсіз жерге шығарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.