Дәрігерлер 15 млн теңге сыйақыдан құр қалған

Фото: freepik.com

Астананың прокуратурасы қаладағы ауруханалардың есеп-қисабына зерттеу жүргізіп, заң бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Прокуратура дәрігерлердің конституциялық құқықтары бұзылды деп санайды.

«Медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақылары төленбегені анықталды», - деп хабарлайды прокуратура.

Прокуратураның арқасында дәрігерлер төлемдерін алған. Кінәлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.