Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қылмыстыққа ауысты

Фото: ашық дереккөзден алынды

Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қылмыстыққа ауысты, деп хабарлайды Astana TV.

Судья әкімшілік істі тоқтатты, себебі материалдарда қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар. Іс Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Блогерлер әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырды деген күдікке ілінген.