16 қазан - Халықаралық нан күні

Ас атасы- нан қасиетті тағам. Халқымыз  дастарханға әуелі бір тілім нан қойып, оның қадірін білген.Жерде жатса баспаған.Астың киесі атады деп ырымдаған, дейді Тазагүл Тайшықызы. 87 жастағы қарт ана әлі күнге дейін таба нан пісіріп келеді.

Қандай қиын –қыстау кезең болмасын шаңырақтан нан үзілген жоқ дейді , қарт ана. Тазагүл Тайшықызы 70 жыл бойы таба нан пісіріп келеді.Енді  келіндеріне үйретіп жатыр. Алтын алқа иесі той-домалаққа барса да таба нан апарып береді екен.

ТАЗАГҮЛ ТАЙШЫҚЫЗЫ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Нанды тастамау керек дейді.Нанды қадірлеп ұста дейді. Гүл берсе аяқ астында қалады.Нан қалмайды. Кәмпиттің орнына  тапа нан.Тапа нанға бәрі қызығады.

Асты тас, үсті тас, ортасында піскен ас деген қазақтың жұмбағы да осы таба нанға байланысты айтылса керек. Еуропа деректерінде шығыс халықтарының нан формасы дөңгелек болып келеді деп айтылады.Халқымыз нан тағамын қатты қадірлеген.Алайда қоқысқа тастап, ысырапқа жол беріп жатқан жайымыз тағы бар.

РАУАН БАЙДАЛЫ, ТАРИХШЫ:

Үлкендер жағы дастарханды қатты қадірлеп отыратын. Нан қиқымын жинап отыратын.Нанды дастарханға бірінші қоюды қатты қадағалайтын.Нанды рәсуа қылмауға көңіл бөлетін. Аштыққа ұшыраған халықтың ұрпағымыз. Соны біз енді қадіріне жетуіміз керек. Қоғамда, мектепте, балабақшада айта қоймайды.Қоқыста жатыр нан. Жерде жатады.Енді отбасыларда осының бәрі дәріптелсе екен деген ойдамын.

Бұл дүкеннің нанын көпшілік көп алады.20 жылдан бері жұмыс істейтін наубайхана 25 түрлі өнім шығарады. Мұнда бір күнде 1 мың бөлке нан пісіріледі.

ОЛЬГА ПОЛЭУКТОВА, ДҮКЕН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

25 түрлі нан өнімдерін шығарамыз. Оның сыртында кулинарлық  және кондитерлік өнімдер бар. Күніне бірнеше рет нан пісіріп, осы сату бөліміне жеткізіп оытрамыз. Төмен бағамен яғни әлеуметтік азық түлік ретінде де сатамыз.

Қостанайда 11 ірі және шағын наубайхана бар. Онда күніне 15 мың, айына 400 мыңнан астам бөлке нан пісіріледі.Нан- берекенің басы. Әр дастарханда нан көп, қарын тоқ болсын дейді наубайшылар.