Республика күніне орай астаналықтарға біржолғы төлем беріледі

Фото: ашық дереккөз

Астанада 25 қазан – Республика күніне орай әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай көмек төленеді, деп хабарлайды Astana TV.

Төлем мөлшері 4,5 айлық есептік көрсеткішке тең — бұл 17 694 теңге.

Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бұл көмек жылына бір рет және тек бір негіз бойынша – ең жоғары сомаға сәйкес төленеді.

Қолдау шарасы тек әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын тұрғындарға арналған.