Педофилдерге қатысты химиялық кастрация жазасын қолдану ережесі ресми түрде күшіне енді

Бұл норма ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану қағидаларына» енгізілген өзгерістер негізінде іске асады.

Жаңартылған тәртіп бойынша химиялық кастрация сот шешіміне сәйкес психиатриялық немесе амбулаториялық медициналық ұйымдарда орындалады.

Аталған шара тек 18 жастан асқан және педофилия сипатындағы қылмыс жасаған адамдарға ғана қолданылады. Ол тек заңды күшіне енген сот үкімі арқылы жүзеге асады және психикалық ауытқуы бар тұлғаларға қолданылмайды.