" Лео – техногендік апаттарда және табиғатта адамдарды іздеуге арнайы үйретілген ит",-құтқарушы

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2025

Соңғы бес жылда төтенше жағдайлар кезіндегі адам шығыны 30%-ға азайған. Төтенше жағдайлар министрлігіне  қарасты басқару органдары жаңғыртылып, табиғи апаттардың салдарын азайту және оларға жедел әрекет ету мүмкіндігі артты. Құтқарушыларымыз тек ел ішінде емес, өзге де мемлекеттерге гуманитарлық құтқару көмектерін жүргізіп келеді.  

Қауіптен қорықпай, өрт шықса уақыт құртпай, оқыс оқиға орнында шыбын жанын шүберекке түйген тұрғынға жедел жететін- құтқарушы. Қарғыс алма, алғыс ал деген сөзді жұрт, дәл осы азматтарға арнағандай. Өмірі арпалыстан тұратын құтқарушыларға мемлекет әрдайым қолдау көрсетеді.

КЕГЕН ТҰРСЫНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Президенттің тапсырмасы бойынша заң шеңберінде тұрғын үй төлемдері қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақылар төтенше жағдайлар кезіндегі міндеттерді орындағаны үшін қосымша ақылар белгіленген. Сауықтыру курорттық ем алу тағайындалды.Сондай-ақ 2-жылда қызметкерлердің де жалақысы өсті.

Төтенше жағдай қызметі соңғы жылдары соңғы үлгідегі техникамен жабдықталды.   800-ден астам техника, 20.000-нан астам құрал жабдықтар,алғаш рет ұшақтар мен басқа да басқа да әуе кемелері сатып алынып, 25 өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясы салынған. Адам құтқарып, із- түссіз кеткендерді іздейтін тек құтқарушы мен құрылғы емес, қатарда иттер де бар.

ПАВЕЛ ВАЛОДИН, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ КИНОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Лео – үйінділерде, техногендік апаттарда және табиғатта адамдарды іздеуге арнайы үйретілген іздестіруші иттеріміздің бірі. Қазір ол 4 жаста, жақында 5-ке толады. Бізде 4,5 жылға жуық қызмет етіп келеді. Командамызға қосылғанда, ол небәрі алты айлық күшік еді. Біз оны оқыттық. Біз жыл сайын кинологиялық топтардың сертификаттық сынақтарын өткіземіз.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауқымды реформаларды жалғастыруда. Өрт сөндіруші, құтқарушы және дәрігерді біріктіретін әмбебап бөлімшелер құрылып, Шымкент пен Ақтөбеде әуе отрядтары іске қосылды. Ауылдарда 82 жаңа өрт сөндіру пункті ашылды.Сейсмикалық болжау жұмыстарына жасанды интеллект енгізілуде.