Құтқарушы мамандығы – ерлік пен жанқиярлықты қажет ететін қасиетті міндет. Шымкентте де ерекше мамандық иелеріне арналған салтанатты шара өтті. Үздіктер марапатталды.
Мегаполисте қала тұрғындарының қауіпсіздігін 10 өрт сөндіру бөлімі мен жедел-құтқару жасағының мамандары қамтамасыз етеді. Онда мыңға жуық маман бар. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өмірі қауіп пен қатерге толы маман иелерін кәсіби мерекемен құттықтады.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:
Ел қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңіз мемлекет пен халық тарапынан әрдайым жоғары бағаланады. Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, қызметтеріңізге табыс пен сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Мерекелік жиында төтенше жағдайлар жүйесінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлер марапатталды.
БЕРІК БОЛТАНОВ, ӨРТ СӨНДІРУШІ:
Адам өмірін құтқару және мүлкін құтқару ол бір жағынан өзіміздің міндет боп табылады. Және бір жағынан жауапты жұмыс істеймін. Біреудің мүлкін алып қалсақ оның бәрі қуанышты.
Мереке аясында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың заманауи техникасы мен құрал-жабдықтарының көрмесі де ұйымдастырылды. Көпшілік өрт сөндіру техникаларының жаңа үлгілерімен, құтқару көліктерімен, заманауи құрал-жабдықтармен танысты.
БЕКЗАТ ҚАМБАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Шілде айында жергілікті атқарушы органдардың тарапынан 38 өрт сөндіру техникасы берілді. Және де республикалық бюджеттен ізге 10 техника бөлініп, қазіргі таңда Шымкент қаласының ТЖД-нің техникалық өамтамасыз етілу жағдайы осының себебінен 100 пайыз толып отыр.
Құтқарушылар күніне орайластырылған мерекелік шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты.