ҚР ТЖМ вице-министрі: материалдық-техникалық база айтарлықтай нығайтылды

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, 800-ден астам техника және 20 мыңнан астам құралдар мен жабдықтар, алғаш рет ұшақтар мен басқа да әуе кемелері сатып алынып, 25 өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды.

«Былтырдан бері тез, үнемді әрі сапалы принципімен объектілер салынып жатыр. Осындай кешендердің құрылысы 3,5 айдың ішінде Астана, Атырау және Семей қалаларында бой көтерді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» концепциясын іске асыру шеңберінде барлық қалалық және аудандық бөлімшелердің аумақтарын көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эргономика мен қорғау стандарттарына сай өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың заманауи жаңа нысанды киім-кешектері енгізілді.