Қостанай ауданында прокурорлар мемлекетке келтірілген залалдың алдын алды

Қостанай ауданының прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың бұзушылықтарын анықтады.

Аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі мен мердігер ұйым арасында Владимировка ауылында жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге су құбырын салуға шарт жасалды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 10-тармағына сәйкес, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы сомасы 157,1 млн теңге енгізді.

Кейіннен мемлекеттік сатып алу туралы шарты өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты біржақты тәртіппен бұзылды.

Мұндай жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы өнім берушіге қайтарылмайды, бірақ тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

Заң талаптарына қарамастан, тапсырыс беруші құрылыс бөлімі атынан мемлекет кірісіне соманы өтеу жөніндегі шаралары қабылданған жоқ.