“Цифрлық кодекс” тұрғындардың құқығын қорғайды

Тұрғындардың цифрлық құқығы қорғалады. Депутаттар “Цифрлық кодексті” әзірлеу кезінде осы мәселені назарға алу керегін айтты. Елдегі сандық заңнама әлі де шикі. Біртұтас жүйе жоқ. Соның салдарынан бір ғана «цифрлық код» ұғымының 10 шақты анықтамасы бар. Ал бүгін талқыланып жатқан кодекс осының бәрін бір арнаға тоғыстырып, түсінікті, нақты ережелермен көрсетеді дейді депутаттар.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа технология пайда болғанда, оны жедел реттеуге тырыстық, бірақ біртұтас жүйе құрылмады. Соның салдарынан цифрлық құқық «құрақ көрпеге» ұқсап қалды. Бұл тәсіл бүгінгі талаптарға сай келмейді.