Алматы облысы, Алатау қаласындағы №5 орта мектепте ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға ұстаздар, оқушылар және абайтанушылар қатысып, ұлы ойшылдың рухани мұрасының маңыздылығын сөз етті. Ұйымдастырушылар шараның мақсаты – Абайдың өмірі мен шығармашылығын дәріптеп, жас ұрпақты ақын өсиеттері арқылы білімге, адамгершілікке және отаншылдыққа тәрбиелеу дейді. Іс-шара барысында оқушылар Абай өлеңдері мен қара сөздерін оқып, сахналық көріністер қойды. Сонымен қатар, ақын аудармалары мен мұрасына арналған көрме ұйымдастырылды.
ДИНА КУШЕКБАЕВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Абайдың енді өлеңдері өте керемет. Әр қазақ әр өлеңін білу керек. Ең бірінші балалар сол Абайдың жолын зерттеп, қарап қазіргі іс-шарада олардың өздерінің тақпақтарын айтып, өздерінің өнерлерін көрсетіп жатыр.