Бүгін Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңі басталады

Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетаның іріктеу кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда ұлттық құрама Канада мен Польша спортшыларын алға жіберіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.

Жартылай финалға тікелей екі команда ғана өтті. Ал Қазақстан құрамасы мен АҚШ спортшылары уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге шықты.