«Нұр Отан» партиясының халық көп шоғырланған жерлерде қоғамдық қабылдау орталықтарын ашу жобасы жемісін берді. Мәселен, былтыр Алматы қаласының Әуезов ауданында 57 орталық ашылды. Содан бері күнделікті түсетін арыз-шағым азайған. Яғни халық өтінішті жақын маңдағы қабылдау орталықтарына жазуды әдетке айналдырған.
Биылғы он айда 700-ге жуық арыз түскен. Оның 200-ден астамы оң шешілді. Соның бірі жоғарғы оқу орындарына қатысты. Оқу жылының басында «Жастар орталығына» келген жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттер төлемақы мөлшерін жеңілдетуді сұраған. Нәтижесінде 6 адам қолдауға ие болды.
Алтын Жүсіпова, студент:
Оқу тарапынан маған 15 пайыздық жеңілдік беріледі. Ол мен үшін үлкен көмек. Мен үшін, ата-анам үшін үлкен көмек.
Мұрат Омаров, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Көптеген арыздар ауданға келіп түсетін сол мекемелерде шешіліп, келген адамдар уақыттарын үнемдеп және де бізге жазылатын арыз-шағымдар азайды. Бұл да жастарымыздың мамандық таңдауындағы, қандай құжаттар керек, қалай жатақханамен қамтамасыз ету керек деген мәселелерге өте жақсы көрсеткішін берді.