Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінде чемпион атанды. Финалда ол әлемнің 10-ракеткасы Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсті.
Елена Рыбакина биыл екінші титулына қол жеткізді. Бұдан бұрын ол Страсбург (Франция) WTA 500 жарысында үздік шыққан еді.